Skip to main content

Біздің миссиямыз —
пәрбір жасөспірімге болашақта
өз орнын табуға көмектесу.

Біз кәсіби бағдар беру тәсілін жылдар бойы қалыптастырдық — енді оны әр оқушыға қолжетімді етеміз.

«Халық» қайырымдылық қоры
Білім беру саласындағы әлеуметтік бастамалар мен инновацияларды қолдау қоры «Тәлімгер»
Kundelik.kz — бірыңғай цифрлық білім беру экожүйесі
«Тәлімгер» — мектептегі білім беру тәсілін жаңартуға бағытталған «Халық» қорының бастамасы. Жыл сайын біз балалар мен студенттерге өзін жақсырақ түсінуге, әртүрлі рөлдерді байқап көруге, кәсіпкерлік ойлауын дамытуға және нақты мамандықтармен танысуға көмектесетін жобаларды іске асырдық.

Біз мұғалімдерді «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқыттық, әдістемелік ұсынымдар әзірледік, инновациялық лагерьлер өткіздік, мектептер мен колледждерде практикалық бағдарламаларды енгіздік, кейстер дайындадық. Мұның бәрі әр оқушы өз қабілеті мен қызығушылығының маңызын түсінуі үшін жасалды.

Уақыт өте келе жасөспірімдердің мамандықты қалай таңдайтынын тереңірек түсіндік: олар неден күмәнданады, оларға не жетіспейді — ақпарат, қолдау, тәжірибе. Біз әрқашан бір күні әр балаға жеке-жеке емес, кең ауқымда көмектесе алатын жүйе қажет болатынын білдік.

2025 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және техникалық мамандықтарды қолдауға бағытталған Жұмысшы мамандықтар жылын жариялады. Бұл ұлттық бастама біздің көпжылдық миссиямызбен толық үндеседі.

Біз түсіндік: дәл қазір уақыт келді. Осылайша Bolashaq.me жобасы пайда болды — тесттерді, мамандықтарды, бейнеэкскурсияларды, мектептер мен колледждерді, бизнес-серіктестерді және нақты мансаптық бағыттарды бір платформада біріктіретін кәсіби бағдар беру жүйесі.

Бұл — мемлекеттік күн тәртібіне, адами капиталды дамытуға және Қазақстанның болашағына қосқан үлесіміз.

Бізбен байланысыңыз

  • Қонаев көшесі, 8
  • Астана
  • Қазақстан
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Bolashaq.me дегеніміз не?

Қызығушылықтарыңды түсінуге, мамандық таңдауға және болашаққа апарар нақты жолды көруге көмектесетін кәсіби бағдар беру платформасы.

Бүгін оқушылардың алдында күрделі міндет тұр — оқулықтардан да жылдам өзгеріп жатқан әлемде мамандық таңдау. Жасөспірімдерге көбіне ақпарат, өмірлік мысалдар және «ертең қандай дағдылар керек болады?» деген түсінік жетіспейді. Көбі таңдауды кейде «солай дұрыс сияқты» деп, ата-ананың қысымымен немесе сәнге қарап жасайды, ал шынайы қызығушылықтарын ескере бермейді. Кейбірі қателескенін тек университетке түскенде немесе жұмысқа тұрған соң ғана түсінеді.

Bolashaq.me платформасы бұл үдерісті өзгертуге көмектеседі. Біз оқушыларға саналы таңдау жасау үшін қарапайым, түсінікті әрі әділ құралдар ұсынамыз және мыналарға көмектесеміз:

Тесттер арқылы қызығушылықтарыңды анықтау

Саған сәйкес мамандықтар тізімін алу

Мамандыққа кіру қиындығын көру

Бейне арқылы нақты мамандықтармен танысу

Бағытты түсіну: мектеп → колледж/ЖОО → жұмыс

Нақты еңбек нарығымен танысу

Bolashaq.me кімдерге арналған?

Платформа болашақты таңдауға қатысы барлардың бәрін біріктіреді: оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды, мектептерді және бизнесті.
🧑‍🎓

Оқушылар мен студенттерге

Bolashaq мамандықтарды ішінен көруге, өзіңді жақсырақ түсінуге, тесттерден өтуге, нақты мансаптық бағыттарды зерттеуге және саналы таңдау жасауға көмектеседі.

🧑‍🏫

Мұғалімдерге

Платформа әдістемелік тірекке айналады.

Мұнда мұғалімдер:

  • дайын материалдарды;
  • кейстерді;
  • мектепте енгізуге болатын практикаларды;
  • сыныппен мамандықтарды талқылауға арналған құралдарды;
  • оқыту курстары мен мақалаларды табады.

Бұл — кәсіпкерлік, кәсіби бағдар және болашақ дағдылары бойынша сабақ өткізуге көмектесетін заманауи база.

👨‍👩‍👧

Ата-аналарға

Bolashaq ата-аналарға мыналарды түсінуге көмектеседі:

  • баланы таңдау кезінде қалай қолдау көрсетуге болатынын;
  • қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын;
  • қысым жасамай, қалай дұрыс бағыттауға болатынын;
  • Қазақстанда қандай білім беру бағыттары бар екенін.

Бұл — алаңдаушылықты азайтып, баламен «бір тілде» сөйлесуге көмектесетін құрал.

🏫

Мектептер мен колледждерге

Bolashaq — бұл:

  • кәсіби бағдарды жүйелі түрде енгізу;
  • тексерілген тәжірибелерді қолдану;
  • бизнес-пен өзара байланысты кеңейту;
  • сараптамадан өткен сапалы контент алу мүмкіндігі.

Жоба командасы

Ахметова Айгуль Сапаргалиевна

«Тәлімгер» Қоғамдық қорының құрылтайшысы

Елемесова Анар Муратовна

Атқарушы директор

Дуйсенханов Ермек Серикбаевич

Академиялық директор

Мусалим Гульдана Мусалимкызы

Жоба менеджері

Омерзакова Айгерим Бекеновна

Операционный менеджер

Саденова Маржан Ғалымжанқызы

Әлеуметтік желілер менеджері

Жакупбекова Аманкуль Кабдулаевна

Бухгалтер

Гуляева Алена

Әдіснама маманы

Ахметкалиева Снежанна Руслановна

Психолог – кәсіби бағдар беру маманы

Айбеков Елдос Айбекұлы

Бизнес-жобалар сарапшысы

Айдархан Жанайым

Психолог – кәсіби бағдар беру маманы

Ахметкалиева Гульнар Кенесбековна

Мемлекеттік тілде бизнес-тіл сарапшысы-лингвист

Демесін Мәдина Көпболқызы

Маңғыстау ауданы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Искакова Айгерим Едилхановна

Мұнайлы ауданы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Кульбаев Эрнар Марленович

Мобильді квантариум «Mynbala» жобасын іске асырудан кейінгі бақылау менеджері

Жулдызбаев Нугман

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері тренері

Нурсулан Дамир Нурсуланович

Сарапшы

Пащенко Александр Абасович

Ақпараттық технологиялар мұғалімі, педагог-шебер, «Информатика» мамандығы бойынша педагогикалық ғылым магистрі

Пастухова Наталья Павловна

Ақпараттық технологиялар және робототехника мұғалімі

Рахим Таншолпан Абилхайыркызы

Бейнеу ауданы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Саканов Серик Муратович

ALLUR Корпоративтік университеті Жоғары инженерлік мектебінің бас маманы

Сдыкова Гулшат Габиденовна

Ақтау қаласы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Сейтенова Асемгуль

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері тренері

Шайхиева Бибигул Какимжановна

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің әдістемелік сарапшысы

Сисенов Әбілхайыр Аділханұлы

Түпқараған ауданы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Таджикова Айгул Омыровна

Жаңаөзен қаласы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Тарбагатаева Айгерим Мухтаровна

Кәсіби бағдар берушілер тобын басқаратын жетекші, бизнес-тренер

Тастемирова Зейнеп Жумагалиевна

Маңғыстау облысы бойынша «Тәлімгер» Өңірлік әдістемелік орталығының жетекшісі

Токбаева Анар Болаткызы

Қарақия ауданы бойынша «Тәлімгер» өкілі

Тренкеншу Эдуард Викторович

Академиялық бағыт бойынша сарапшы

Венгерская Елена Владимировна

«Ақ Ерке» мектебінің директоры, Қостанай облысы бойынша «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

Бизнес саласындағы консультанттар

Ахметова Эльмира

«КИПРОС» ЖШС кадрлар басқару департаментінің директоры

Елемесова Назым Муратовна

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы, дәрігер-зертханашы

Ермакова Анастасия Андреевна

PrimeAviation компаниясы, кадрлар бөлімінің директоры

Гребцов Максим Владимиров

«Atameken Business» телеарнасының бас режиссері

Иментаева Сания Газизовна

Жоғары инженерлік мектептің басшысы

Каптагаева Айгуль Кайратовна

MEDIKER, директор

Фариза Қазбулатқызы

PrimeAviation компаниясы, кадрлар бөлімінің маманы

Кульдиков Марат Мухаметкалиевич

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Нахипбеков Тимур Арсенович

«Атамекен» ҰКП, орынбасар

Олкинян Людмила Юрьевна

Allur Корпоративтік университетінің басшысы

Куандык Оналтай

«ЭРА» ЖШС (7-арна) телеарнасының бас редакторы

Оркашбаева Жансулу Муратовна

ҚР Қаржы министрлігі, Қоғамдық байланыс департаментінің бас сарапшысы

Жарылкасын Назира Пернебаевна

«ҚазҚұрылысСервис мұнай-газ құрылыс компаниясы» АҚ, кадрлар басқару департаментінің персоналды басқару менеджері

Біздің серіктестеріміз


© ҚҚ "Тәлімгер", . Барлық құқықтар қорғалған
Разработка сайта Илья А. Жулин .