Skip to main content

Оқушылар мен студенттерге өз жолын табуға көмектесеміз

Мамандық таңдаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Сондықтан Bolashaq.me командасы сен үшін білім базасын, тесттер мен пайдалы кеңестерді жинады. Олар саған не маңызды екенін түсінуге және өз бағытыңды қалыптастыруға көмектеседі.

Барлық мамандықтар

Қазіргі мамандықтар, олардың
ерекшеліктері мен болашағы туралы біл.

Мамандық таңдауға арналған тест

Тесттен өтіп, саған қай
мамандық сәйкес келетінін біл.

Біз — Bolashaq.me

Bolashaq.me — әрбір оқушы мен студент өз жолын таба алуы үшін құрылған Halyk қорының қайырымдылық жобасы.
Платформа үнемі жаңарып отырады: біз жаңа мамандықтарды, тесттерді, мақалаларды, бейнелер мен жастардың шынайы оқиғаларын қосамыз. Бұл материалдардың барлығы тегін әрі өз болашағын саналы түрде таңдауға ұмтылған әр адамға қолжетімді. Біз мамандық таңдауы түсінікті әрі ойластырылған болуы керек деп сенеміз. Сол үшін Bolashaq.me сенің болашағың үшін сарапшыларды, білімді және тәжірибені бір арнаға тоғыстырады.
1 000+

толық сипаттамасы
бар мамандықтар базасы
120

мамандық таңдауға арналған
мақалалар, подкасттар мен бейнематериалдар
15

командадағы кәсіби бағдар беретін сарапшылар мен мамандар

Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдер мен кәсіби бағдар мамандарына арналған әдістемелік орталық

Bolashaq.me — тек оқушылар мен студенттерге арналған жоба ғана емес. Біз балалардың болашағын таңдауға қатысы бар барлық адамдар үшін материалдар дайындаймыз: ата-аналарға, педагогтерге, мектеп әкімшілігіне және кәсіби бағдар мамандарына.

Алдағы вебинар: «Арман мамандығын қалай таңдауға болады»

20 желтоқсан, 16:00 — — Мамандық таңдау қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ неден бастау керегін білсең, ол соншалықты қорқынышты емес.
    Вебинар барысында біз:
  • өз қызығушылықтарың мен күшті жақтарыңды қалай анықтауға болатынын,
  • болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарды,
  • жол таңдауда жіберілетін қателіктерден қалай сақтануға болатынын талқылаймыз.
Біздің онлайн-кездесуімізге қосыл — өз болашағыңа қарай алғашқы қадамыңды жаса!
күн
:
сағат
:
минут
:
секунд

Вебинарға тіркелу

Қысқа форманы толтыр — біз вебинарға сілтеме мен еске салуды жібереміз.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Бізбен бірге әлеуметтік жауапты бизнес

Bolashaq.me кәсіби бағдардың маңыздылығына сенетін компаниялардың қолдауының арқасында дамып келеді. Серіктестеріміз бейнематериалдар дайындайды, мақалалармен бөліседі және оқушыларға, студенттерге, ата-аналар мен педагогтерге арналған контент жасауға атсалысады.

Қажетті ақпаратты таба алмадың ба
немесе кейбір тұстарды нақтылағың келе ме?

Бізге жаз — Bolashaq.me командасы сұрақтарыңа жеке түрде жауап беріп, бәрін түсінуге көмектесуге тырысады.

Сұрақ қою